Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО пломбасына бизнес сенбейді

ЕАЭО пломбасына бизнес сенбейді

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлайды: «ЕАЭО-да жүк тасымалын бақылау үшін навигациялық пломбалар қолданыла бастайды. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүк тасымалын қадағалау мақсатында навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі келісімнің аясында тасымалды бақылау енгізіледі. Бұл шешім 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Жобаны жүзеге асыру үш кезеңге бөлінген, жалпы ұзақтығы — бір жарым жыл. «Аталған шешімге сәйкес ЕАЭО елдерінде тауарларды навигациялық пломбалар арқылы қадағалаудың алғашқы кезеңі басталады. Бұл жүйе барлық бес мемлекетте және барлық тасымалдаушылар үшін міндетті түрде қолданылады», — деп нақтылады комиссия. Еуразиялық экономикалық комиссияның түсіндіруінше, алғашқы кезеңде навигациялық пломбалар акциздік және салықтық жүктемесі жоғары тауарларға қолданылады. Оларға алкоголь, темекі, никотин қосылған өнімдер, киім-кешек, аяқ киім және халық жиі тұтынатын басқа да тауарлар жатады. ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрі Руслан Давыдов бұл шешімге қатысты былай деп пікір білдірді: «Бұл – тарихи шешім. Оның енгізілуі Еуразиялық экономикалық одақтың транзиттік әлеуетін арттыруға, тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға сеп болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бізге аса маңыздысы – бақылаушы органдардың көліктерді негізсіз тоқтатуы азаяды деген сенім бар. Себебі навигациялық пломба арқылы тасымалдың ашықтығы толық қамтамасыз етіледі», – деді министр.

Евразия24 пікірі:

2024 жылдың қазан айында «Атамекен» ҰКП алаңында қазақстандық тасымалдаушылар ЕАЭО аясында навигациялық пломбаларды міндетті түрде енгізу бастамасын талқылаған еді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – контрабанда мен жол бойындағы тонау әрекеттерінің алдын алу. Алайда, бұл бастама тасымалдаушыларға қосымша шығын жүктейді: пломбаларды орнату, қызмет көрсету және шешу арзанға түспейді. Сондықтан, олардың қолданылуы нақты тиімділікке және кедендік рәсімдердің жеңілдеуіне алып келуі тиіс. Алайда сала өкілдерінің алаңдаушылығы әлі де бар. Халықаралық автотасымалдаушылар қауымдастығының айтуынша, Келісімде тек бақылау шараларын азайту қажеттігін атап өткен, бірақ транзиттің кедергісіз өтуі мен тексерулерден босату туралы ешқандай кепілдік бермейді (https://atameken.kz/ru/news/52645-navigacionnye-plomby-kak-mcriap-opredelil-tarify-i-chto-dumaet-kazahstanskij-biznes ). Бұл мәселені аталған жарияланымда ашық көрсеткен. Себебі бақылау – ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден органдарының құзырындағы міндет, және бұл олардың шешіміне тәуелді. Осылайша, навигациялық пломбалар жүйесі толық іске қосылса да, тасымалдаушылар үшін басты түйткіл – негізсіз және шамадан тыс кедендік тексерулер – әлі де шешілмеген күйінде қалып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.