Евразия24Күнбе күнЖаңа ғимараттарға қаржы бөлінбейді

Жаңа ғимараттарға қаржы бөлінбейді

|

|

KazTAG хабарлайды: «Қазақстанда 2029 жылға дейін жекелеген шығындарға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілді. «2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін мынадай бағыттар бойынша мораторий енгізіледі: 1) республикалық және жергілікті бюджет шығыстын жоспарлау кезінде әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға, бюджеттен тыс жаңа қор құруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа әкімшілік ғимараттары мен кешендерін салу мен сатып алуға (2022 жылдан бастап құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі нысандардан басқа), сонымен қатар «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген мәдениет ұйымдарының жаңа ғимараттары мен нысандарын салуға бюджет қаражатын бөлуге тыйым салынады; 2) Сондай-ақ, «мемлекеттік сатып алу нәтижесінде даму бағдарламалары мен негізгі капиталдық шығындар бойынша үнемделген қаражатты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өз бетінше пайдалануына тыйым салынады», – делінген Үкімет қаулысында. Бұл ретте, қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптар Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік жоспарлау, өңірлік саясат және бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органдармен алдын ала келісілген іс-шараларға қолданылмайды. Мораторий енгізу нәтижесінде босатылған қаражат елдің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған басым жобаларға қайта бөлінеді.

Евразия24 пікірі:

Олжас Бектенов басқаратын Үкімет әлеуметтік саладағы бақылаусыз шығындарды шектеу мақсатында батыл шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткен «шексіз әлеуметтік бастамалардың» жолын кесу үшін алдағы үш жылда министрліктердің, ведомстволардың және әкімдіктердің кез келген жаңа бастамалары алдын ала үкіметтің қаржылық, экономикалық және жоспарлау блогымен келісілмесе, қаржыландырылмайтын болды. Бір жағынан, әлеуметтік саланың шығыны республикалық бюджеттің шамамен 40%-ын құрайтынын ескерсек, өсіп отырған жүктемені тежеу – орынды шара. Екінші жағынан, қазіргі таңда бірқатар сала ауыр экономикалық күйзеліс жағдайында тұр. Мысалы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жағдайы – алаңдатарлық. Медициналық сақтандыру қоры мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының кірісі мен шығысы бірнеше жыл бойы сәйкес келмей отыр. Мұндай жағдайда бүкіл әлеуметтік және медициналық қолдау жүйесіне қауіп төнуі мүмкін. Айта кету керек, бұл жүйе мемлекеттік бюджет есебінен емес, жұмыс істейтін азаматтардың жарналары арқылы қаржыландырылады. Егер жағдай ушыға түссе, Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктері шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болады. Алайда Үкімет бұл бағыттағы кез келген бастамаға тыйым салып отыр. Бұл жаңа қаулы арқылы министрліктер мен ведомстволарға алдағы үш жылда әлеуметтік салада қандай жағдай туындаса да, жаңа идеямен келмеу туралы үндеу жасалды ма? Егер олай болмаса, онда атқарушы билік қабылданған нормативтік құжаттағы «әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға мораторий» деген тұжырымның нақты қандай мәнде қолданылғанын түсіндіріп беруі қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Словениядағы Қазақстан елшісін ауыстырып, Босния және Герцеговина, Черногория мен Туниске елшілер тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Ержан Ашықбаев СІМ басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевты Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Еуропада газ тұтыну күрт артты: қоймадағы қор мерзімінен бұрын жұмсалуда

Өткен аптада Еуропадағы газ операторлары жұмыс күндерінің басым бөлігінде (сейсенбіден бейсенбіге дейін) жерасты қоймаларынан газды көбірек тұтынған. Бұл жөнінде Gas Infrastructure Europe ұйымы хабарлады. Атап айтқанда, 7, 8 және 9 қазан күндері қоймалардан алынған газ көлемі енгізілген мөлшерден асып түскен. Осы күндері өңірде ауа райы былтырғыға қарағанда әлдеқайда суық болған.

ХАМАС алғашқы израильдік тұтқындарды босатты

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең ХАМАС қозғалысы алғашқы жеті израильдік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырған. Босатылғандар арасында Матан Ангрест, Гали және Зив Берман ағайындылары, Алон Охель, Эйтан Мор, Омри Миран және Гай Гильбоа-Даллал бар екені хабарланды.