Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялады

Қазақстан Парламенті ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялады

|

|

Астана. 9 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Бейсенбі күні өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Мәжіліс бұрын мақұлдаған «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы, әсіресе дамушы елдерді ескере отырып қабылданған конвенцияны (Конвенция №131) ратификациялау туралы» заң жобасын қолдады.

Осылайша, заң Парламентпен толық қабылданды және Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) анықтау бойынша қалыптасқан тәсілдерді халықаралық деңгейде бекітуге және Қазақстанның Еңбек жөніндегі халықаралық ұйымына (ЕХҰ) мүше ел ретінде өз міндеттемелерін ұстанатынын растауға мүмкіндік береді.

Құжатта ЕХҰ-ға мүше әрбір елдің ең төменгі жалақыны белгілеу жүйесін енгізу міндеті көзделеді. Бұл жүйе еңбек жағдайлары осындай тәртіпке сәйкес келетін барлық жалдамалы жұмысшыларды қамтуы тиіс.

«Ол үшін мынадай жалпы қағидаттар белгіленеді: ең төменгі жалақы жүйесін енгізу, ең төменгі жалақыны белгілеу және қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысуы, ең төменгі жалақыны айқындауда экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін ескеру және еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікке тыйым салу», – делінген құжаттың түсіндірмесінде.

Конвенция ратификацияланған күннен бастап бір жылдан кейін Қазақстан ЕХҰ-ға осы нормалардың орындалуы туралы есеп ұсынуы тиіс.

Бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге. 2022 жылдан бері бұл көрсеткіш екі есе өсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.