Евразия24ЖаңалықтарХорватияның JANAF компаниясы АҚШ санкцияларына байланысты сербиялық NIS-ке мұнай жеткізуді тоқтатты

Хорватияның JANAF компаниясы АҚШ санкцияларына байланысты сербиялық NIS-ке мұнай жеткізуді тоқтатты

|

|

Рим. 9 қазан. ИНТЕРФАКС – Хорватияның Адриатика мұнай құбырының операторы JANAF компаниясы АҚШ-тың енгізген санкцияларының салдарынан сербиялық NIS компаниясына мұнай жеткізуді әрі қарай жалғастыра алмайтынын хабарлады. Бұл туралы компания өзінің ресми сайтында мәлім етті.

«2025 жылғы 8 қазаннан бастап, сербиялық NIS компаниясы мұнай тасымалдау келісімшарты бойынша жұмысын жалғастыру үшін қажетті лицензияны ала алмағандықтан, аталған шарттың орындалуы мүмкін емес. Осыған байланысты, JANAF компаниясы Хорватия билігімен және АҚШ-тағы заңгерлік кеңесшілерімен тығыз жұмыс жүргізіп, ықтимал шешімдерді іздестіруде», – делінген хабарламада.

Сол күні NIS компаниясы АҚШ тарапынан 8 қазанда күшіне енген санкциялардан босатылуға қатысты жаңа жеңілдік алмағанын растады. Бұған дейін «Новая экономия» басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып, NIS-ке қарсы санкциялардың тағы бір аптаға шегерілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, NIS компаниясы жанар-жағармай сатылымы мен жұмыс үдерісінің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдағанын мәлімдеді. Қазір компания Сербия үкіметімен, серіктестерімен және акционерлерімен бірге туындаған жағдайды еңсеру жолдарын қарастыруда. Бұған қоса, АҚШ-тың Қаржы министрлігіне SDN тізімінен шығару туралы өтініш беріп, бұл күрделі және ұзақ процесс екенін атап өтті.

Қыркүйек айының соңында АҚШ шектеу шараларын күшіне енгізу мерзімін 8 қазанға дейін қысқа уақытқа шегерген еді. Бұған дейін бұл мерзім бірнеше рет ұзартылған болатын.

Еске салсақ, 2025 жылдың басында NIS компаниясы (басты акционері – Ресейдің «Газпром нефть») АҚШ-тың SDN санкциялық тізіміне енгізілген болатын. Осыған орай Сербия президенті Александр Вучич Вашингтонның негізгі талабы – компаниядан ресейлік капиталдың толық шығуы екенін айтқан. Сонымен бірге ол 2008 жылы Сербия үкіметі NIS компаниясын бақылау құқығын «Газпром нефтьке» бергенін, содан бері бұл компания ел бюджетіне елеулі кіріс әкеліп, көптеген жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқанын еске салды.

Қазіргі таңда NIS компаниясындағы акционерлік құрылым мынадай: «Газпром нефть» – 44,85%, Сербия үкіметі – 29,87%, «Интэлидженс» АҚ (басқарушысы – «Газпром Капитал» ЖШҚ) – 11,3%, «Газпром» АҚ – 1 дана акция, қалған акциялар миноритарлық акционерлердің иелігінде.

NIS – Сербиядағы көмірсутектерді барлау және өндірумен айналысатын жалғыз компания. Оған Панчево қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауыты тиесілі. Компания Сербия мұнай өнімдері нарығында жетекші орын алады. Сонымен қатар оның жанармай құю станциялары Босния және Герцеговина, Болгария және Румынияда орналасқан. Жалпы алғанда, компанияның жанармай құю желісі 400-ден астам станциядан тұрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Абай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.