Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тың Украинаға «Томагавк» зымырандарын жеткізу мәселесі Кремльдің ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр

АҚШ-тың Украинаға «Томагавк» зымырандарын жеткізу мәселесі Кремльдің ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр

|

|

Мәскеу. 12 қазан. ИНТЕРФАКС – Ресей тарапы АҚШ-тың Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» зымырандарын жеткізу ықтималдығына байланысты ерекше алаңдаушылық білдіруде. Бұл зымырандар ядролық немесе ядролық емес түрінде болуы мүмкін, алайда олар майдандағы жағдайды өзгерте алмайды, деп мәлімдеді Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

«Песков «Россия-1» телеарнасындағы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының жүргізушісі Павел Зарубинге берген сұхбатында былай деді: «қазір көптеген мәлімдемелер айтылып жатыр, біз олардың барлығын мұқият тіркеп, зерделеп отырмыз. «Томагавк» зымырандарына қатысты мәселе біз үшін аса маңызды алаңдаушылық туғызып отыр, бұл жөнінде Президент те айтқан болатын».

Оның айтуынша, бұл – ерекше қару. «Ол ядролық та, ядролық емес те болуы мүмкін. Ұшу қашықтығы жоғары, бұл өз алдына елеулі сипаттама. Алайда бұл зымырандар майдан шебіндегі жағдайды айтарлықтай өзгерте алмайды», – деді ол.

Песков қазіргі жағдайдың күрделене түскенін, түрлі тараптардан қысым көбейіп отырғанын атап өтті.

«Ресей тарапы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге дайын екенін мәлімдеуден танбай келеді. Біз Трамптың да келіссөздер үстеліне отыру қажеттігін жиі айтып жүргенін естіп отырмыз. Демек, ол саяси ерік-жігерін сақтап отыр деп пайымдаймыз. Ал Еуропа елдері мен Киев билігі бұл бағытта әрекет етуге құлықсыз екенін көрсетуде», – деді Песков.

Киевке «Томагавк» зымырандары берілген жағдайда олардың ядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін екеніне байланысты сұраққа жауап бере отырып, ол былай деді: «Бұрын арнайы қызметтер Украинада «лас бомба» дайындалып жатқаны жөнінде ақпарат алғанын ұмытпаңыздар».

«Енді елестетіп көріңіздер: алысқа ұшатын зымыран әуеге көтеріледі. Біз оның ядролық қарумен жабдықталған болуы мүмкін екенін білеміз. Мұндай жағдайда Ресей қандай шешім қабылдауы тиіс? Мұны шетелдегі әскери сарапшылар да ескеруі керек», – деп түйіндеді Кремльдің ресми өкілі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.