Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБайланыс бағасы тағы қымбаттайды

Байланыс бағасы тағы қымбаттайды

|

|

KazTAG агенттігі хабарлайды: «Келесі жылы елімізде айтарлықтай өзгеріс болмақ – қосылған құн салығы (ҚҚС) ұлғаяды. Бұл әр салаға шамамен 35–40 миллиард теңге көлемінде әсер ететін маңызды фактор. Соған байланысты баға саясаты қаңтар айында қайта қаралады. Осы жылы тұтынушылар үшін тарифтің тағы өсуі күтілмейді деп ойлаймын. Ал келесі жылғы баға өзгерісі шамамен 15–20 пайыз көлемінде болуы ықтимал», – деді Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадин сейсенбі күні Үкіметтегі брифинг барысында.

Сондай-ақ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің (Tele2/Altel) басқарма төрағасы Александр Бабичев те компания тарапынан тарифтерді қайта қарау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған себеп – ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі және интернет-трафик көлемінің артуы.
«15–20 пайыз – бұл баға өзгерісінің шамамен сол деңгейі деп есептейміз. Біз, әрине, валюта бағамының ықтимал ауытқуын және клиенттерге тұрақты әрі сапалы қызмет көрсету үшін қажетті инвестициялар көлемін де ескеріп отырмыз», – деді Бабичев. «Kcell» компаниясының басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Асқар Жамбақиннің айтуынша, компания қазір осыған қатысты есептеулер жүргізіп жатыр.

 

Евразия24 пікірі:

Биыл шілдеде біз «Қазақстанда ұялы байланыс бағасы өсіп жатыр, сапасы неге жақсармайды?» деген сұрақ қойған едік. Алайда бұл сауалдың нақты жауабы әзірге жоқ. Тіпті екі жыл бойы байланыс операторларын баға келісімі мен тарифтердің негізсіз өсуі үшін жауапқа тартуға тырысқан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің де айтары болмады. 2025 жылы агенттік сотта жеңіліске ұшырады – «Мобайл Телеком-Сервис» және Kcell компанияларына қарсы істердің екеуі де оператор пайдасына шешілді. Екі оқиға да тамыз айында болған. Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Kcell-ге қатысты істі қарау барысында агенттіктің монополиялық бағаның негізсіз көтерілуін тексеру туралы тергеу бастау жөніндегі бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойды . Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы да «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясына қатысты антимонополиялық тергеуді тоқтату жөнінде шешім шығарды . Бұл шешім Қазақстан мен Катар арасында жасалған халықаралық келісімге сүйеніп қабылданған. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар 2026 жылдың соңына дейін мобильді оператордың коммерциялық қызметіне араласуға немесе оған қатысты тексеріс бастауға құқылы емес. Beeline компаниясына қатысты сот ісінің нәтижесі туралы ашық дереккөздерден ақпарат табылмады. Енді, байқап қарасақ, операторлар өздерін әлдеқайда еркін сезініп, тіпті Үкіметтің мінберінен-ақ алдағы тариф өсімі туралы ашық айтып отыр. Олар қосылған құн салығының артуына байланысты бағаның 15–20 пайызға көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда, біріншіден, ҚҚС бар болғаны 4 пайызға өседі. Екіншіден, бұл салықтың өзі операторлардың тарифіне әлдеқашан енгізілген – бұл туралы ресми сайттарында нақты жазылған!

Сонда тұтынушы бұрыннан төлеп жүрген жанама салықтың есебінен байланыс бағасы неліктен тағы өсіуі тиіс? Оның үстіне, бірде-бір оператор тарифпен бірге қызмет сапасы да 15–20 пайызға артады деп айтқан жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл жағдайға қандай да бір реакция білдіре ме, жоқ әлде соттағы сәтсіз тәжірибе операторларға талап қоюға деген ынтаны суытты ма – бұл да әзірге ашық сұрақ.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.