Евразия24Жаңалықтар«Монта» циклоны Үндістанға жақындап келеді

«Монта» циклоны Үндістанға жақындап келеді

|

|

Дели. 28 қазан. Интерфакс – «Монта» тропикалық дауылы сейсенбі күні кешке Үндістан жағалауына жетеді деп күтілуде. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні 90–100 км/сағ жылдамдыққа дейін жеткен дауыл елдің оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатына қарасты Какінада қаласына таяу аймаққа соқпақ. Құрлыққа жақындаған сәтте желдің жылдамдығы 110 км/сағ деңгейіне дейін ұлғаюы мүмкін.

Дауылға байланысты 183-ке жуық пойыз бағыты өзгертіліп, бірқатар рейстер тоқтатылды. Өңірде нөсер жауын мен қатты жел күтіледі. Билік өкілдері жел ағаштар мен электр желілерін құлатып, жарық пен байланыс жүйелерінің жұмысында кідірістер туындауы ықтимал екенін ескертті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні алдын ала қауіпсіздік шаралары шеңберінде 50 мыңнан астам адам эвакуацияланып, арнайы орталықтарға орналастырылған. Оның ішінде жүктіліктің соңғы мерзіміндегі 800-ге жуық әйел ауруханаларға тасымалданған.

Соңғы деректерге сәйкес, «Монта» циклоны Какінада қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 240 шақырым қашықтықта орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Конституциялық реформа және қоғамдық сенім

Біздің пайымдауымызша, конституциялық реформаны қолдағандардың үлесінің жоғары болуы – тіпті бұл зерттеуге небәрі 1,2 мың адам қатысқанның өзінде – жай ғана тұрмыстық немқұрайлылықтың көрінісі емес.

Еңбек кепілдіктері кеңейтілді

Мәжіліс еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы кепілдіктерді күшейтетін заңды мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді бала күтімімен үйде отырған жұмыс істемейтін әкелердің бұл кезеңі зейнетақы өтіліне қосылады. Сондай-ақ жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен қызметтен босатуға заң жүзінде тыйым салынды.

Конституциялық түзетулер: биліктің мүддесі мен халықтың сұранысы

Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі — халық үшін маңызды өзгерістер, екіншісі — билік үшін басым мәнге ие түзетулер. Оларды техникалық тұрғыдан жеке-жеке қабылдау мүмкін болмағандықтан, барлық өзгерістер бір пакет аясында ұсынылып отыр. Өзгерістер биліктің мүддесін де, қоғамның негізгі күтілімдерін де белгілі бір деңгейде қамтып отыр. Бірпалаталы немесе екіпалаталы парламент мәселесі қарапайым азамат үшін өмірлік маңызы бар тақырыптардың қатарына жатпайды. Бұл, ең алдымен, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырып отырған саяси топтарға қажет шешім. Себебі өңірлерде ықпалы мықты «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Сенат арқылы орталық билікке ықпал ету мүмкіндігін шектеу көзделіп отыр. Сенат болмаған жағдайда жоғарғы билік үшін ықтимал саяси қауіп көздерінің бірі де жойылады.

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.