Евразия24Жаңалықтар«Монта» циклоны Үндістанға жақындап келеді

«Монта» циклоны Үндістанға жақындап келеді

|

|

Дели. 28 қазан. Интерфакс – «Монта» тропикалық дауылы сейсенбі күні кешке Үндістан жағалауына жетеді деп күтілуде. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні 90–100 км/сағ жылдамдыққа дейін жеткен дауыл елдің оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатына қарасты Какінада қаласына таяу аймаққа соқпақ. Құрлыққа жақындаған сәтте желдің жылдамдығы 110 км/сағ деңгейіне дейін ұлғаюы мүмкін.

Дауылға байланысты 183-ке жуық пойыз бағыты өзгертіліп, бірқатар рейстер тоқтатылды. Өңірде нөсер жауын мен қатты жел күтіледі. Билік өкілдері жел ағаштар мен электр желілерін құлатып, жарық пен байланыс жүйелерінің жұмысында кідірістер туындауы ықтимал екенін ескертті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні алдын ала қауіпсіздік шаралары шеңберінде 50 мыңнан астам адам эвакуацияланып, арнайы орталықтарға орналастырылған. Оның ішінде жүктіліктің соңғы мерзіміндегі 800-ге жуық әйел ауруханаларға тасымалданған.

Соңғы деректерге сәйкес, «Монта» циклоны Какінада қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 240 шақырым қашықтықта орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ішкі істер министрлігі заңға қайшы діни насихатқа тосқауыл қойды

Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы жария мәлімдемелеріне байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жеке зейнетақы активтерін басқарушылардың мүмкіндігі кеңейеді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) зейнетақы активтерін басқару жүйесін түбегейлі өзгертетін түзетулер топтамасын жариялады. Басылымның бағалауынша, бұл шешімді жеке инвестициялық басқарушылар бес жылдан астам уақыт күткен.

Партиялар жаңа парламенттік міндеттерге дайын ба?

Жеті саяси партия Құрылтайдағы орындар үшін саяси бәсекенің белсенді кезеңіне қадам басты. Сайлауалды бағдарламалар жарияланып, кандидаттар тізімі бекітілді, сондай-ақ жалпыұлттық телевизиялық дебаттар басталды. Қабылданған Ата заң парламенттің рөлін жаңаша пайымдауды талап етеді. Мемлекеттік институттар жаңғыртылып, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінді, парламентаризмнің жаңа үлгісі қалыптасты. Соған қарамастан, парламенттің орны мен қызметіне қатысты бұрынғы көзқарастар әлі де басым.

Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Эритреямен құпия келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Масад Булос Вашингтонның Эритреямен үшінші бір елге қарсы бағытталған құпия келісім жасауға ниетті екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.