Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары айқындалды

Қазақстанда ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары айқындалды

|

|

Астана. 5 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекітетін жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, жаңартылған ішкі саясат елдің ішкі және сыртқы жаңа жағдайларға тиімді бейімделуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықтың созидалы моделін қалыптастыруға бағытталған.

Құжат президенттің жолдаулары мен сөздері, 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары негізінде, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.

«Құжат мемлекет пен қоғамның елді дамыту перспективалары туралы ортақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Ішкі саясаттың өзегі – әділ Қазақстан құру: ашық, мықты және өркендеген мемлекет, тең мүмкіндіктері бар, прогрессивті әрі жауапты қоғам», – делінген жарлықта.

Ішкі саясаттың негізгі тұғырлары ретінде келесі қағидаттар анықталған: «Заң және тәртіп», «Естуші мемлекет», «Әртүрлі пікір – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан».

«Бұл мемлекеттік құрылыстың қағидаттары әмбебап сипатқа ие және кең қоғамдық диалог жағдайында ұлттың одан әрі топтасуына бағытталған», – деп көрсетілген құжатта.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қымбатшылықтың көрінбейтін салмағы

Дүкенге кіргенде бұрын 10 мың теңгеге толтырып шығатын сөмкеңіз қазір неге жартылай ғана толады? Бұрын ұсақ көрінген бірнеше жүз теңгелік айырмашылық бүгін отбасы бюджетінің ең үлкен мәселесіне айналып барады. Нан қымбаттайды, еттің бағасы өседі, киім алу қиындайды. Ал ай соңында жалақы түскен күні қуаныштан бұрын есеп басталады: азық-түлікке қанша, жолға қанша, балаға қанша, несиеге қанша, коммуналдық төлемге қанша қалады?Қымбатшылықтың ең ауыр салмағы да - осында.

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.