Евразия24ЖаңалықтарТранскаспий бағдары TRIPP бастамасымен ықпалдастырылмақ

Транскаспий бағдары TRIPP бастамасымен ықпалдастырылмақ

|

|

Астана. 8 қараша. INTERFAX-KAZAKHSTAN – Орталық Азия елдері мен АҚШ үкіметтері арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы мәлімдемеде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» (TRIPP) бастамасымен байланыстыру жоспарланғаны атап өтілді.

Құжаттың толық мәтіні сенбі күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.

Атап айтқанда, АҚШ және Орталық Азия елдерінің үкіметтері «жүк, ақпарат және энергия тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий сауда бағыттарының толық әлеуетін ашу және оны TRIPP бастамасымен байланыстыру арқылы жеткізу тізбектерінің өзара байланыстылығы мен орнықтылығын күшейтуге» келісті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.