Евразия24Еуразия патриоттарыМәскеуде Қазақстан мен Ресей достығының жаңа символы ашылды

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей достығының жаңа символы ашылды

|

|

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдейді: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің Достық саябағының ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинскаяи станциясы маңында орналасқан. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. «Ресей мен Қазақстан халықтарының достығына арналған бұл тамаша саябақтың ашылу рәсіміне қатысып отырғаным – мен үшін үлкен мәртебе», – деді министр Аида Балаева. Андрей Яцкиннің айтуынша, бұл саябақты ашу бастамасы Мәскеу қаласы әкімдігі тарапынан көтеріліп, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі тарапынан қолдау тапқан. Бұл идеяның жүзеге асуы – екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастардың жарқын көрінісі. «Біз бұл саябақты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи мемлекеттік сапары қарсаңында ашып отырмыз. Бұл – өте маңызды әрі символдық мәнге ие оқиға. Әрине, мұндай қоғамдық кеңістіктер Ресейдің түрлі өңірлерінде де, Қазақстанда да бар. Дегенмен олардың көп болғаны артық етпейді, себебі олар біздің халықтар арасындағы сабақтастық пен достықты паш етеді», – деді Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин.

 

 

Евразия24 пікірі:

2025 жылдың мамыр айында Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері екі ел арасындағы өзара құрмет пен достықты бейнелейтін мәңгілік достық аллеясын салтанатты түрде ашқан болатын . Арада жарты жыл өткенде осыған ұқсас қоғамдық кеңістік – Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы сквері – Мәскеуде де ашылды. Бұл бастамалар қос мемлекеттің бір-біріне деген достық пейілін тек саяси мәлімдемелермен ғана емес, нақты жобалармен, кездесу алаңдарымен, көрнекі нышандармен көрсетіп келе жатқанын айқын дәлелдейді. Өйткені мәдениет пен тіл – елдер арасындағы алтын көпір. Олар халықтар мен ұрпақтарды байланыстырып, түсіністікке жол ашады. Қарапайым мысал – мәскеулік студенттің қазақ тіліне қызығушылығы. Мұндай деректер – қос ел халқының бір-біріне деген шынайы ықыласының көрінісі. Ал екі астанада бой көтерген достық скверлері мен аллеялары – бұл тек символ ғана емес, келешекке құрылған сенім мен құрметтің кепілі. Мұндай іс-шаралар мәдени диалог пен рухани жақындасуға жол ашады. Қазақстан мен Ресей – тарихи одақтастар. Олар арасындағы байланыс осындай бастамалар арқылы тереңдей түсіп, халықтар достығының шынайы үлгісіне айналып келеді.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.