Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылданды

Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылданды

|

|

BBC News орыс қызметінің хабарлауынша, 12 қараша, сәрсенбі күні Қазақстан Парламенті бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын заң жобасын бірауыздан қабылдады. Құжатта бұл нормалар балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау мақсатында енгізіліп отырғаны айтылған. Заңға сәйкес, педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын ақпараттарды көпшілікке қолжетімді кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформалар арқылы таратуға шектеу қойылады. Бұл шектеулер елдің тоғыз заңнамалық актісіне енгізіледі. Ереже бұзғандарға 40 айлық есептік көрсеткішке дейін (2025 жылы шамамен 157 мың теңге) айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Заң жобасының бастамашыларының бірі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, заң жеке өмірге араласуды көздемейді:
«Егер, мысалы, ер адамдар саябақта қол ұстасып жүрсе — бұл насихатқа жатпайды. Бұл — олардың жеке кеңістігі, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ», — деді депутат.

 

Евразия24 пікірі:

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты қабылданған заң аясында өз көзқарасын білдірді. Сарапшының пікірінше, бұл заң тікелей қатынастарға емес, тек насихатқа бағытталғанымен, қоғамдағы кейбір топтар бұл мәселеде нақты мазмұннан гөрі, оның айналасындағы резонансты маңыздырақ санайтындай әсер қалдырады. ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты қабылданған заң жобасы төңірегінде туындаған қызу пікірталастар кейбір мүдделі топтар үшін мәселенің мәні біржынысты қатынастарда емес, бұл тақырыпты ашық түрде талқылау мүмкіндігінде жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл заң педофилияны насихаттауға да тыйым салатынын атап өткен жөн. Алайда бұл аспектке заң жобасына қарсы шыққандар жеткілікті мән беріп отырған жоқ. ЛГБТ насихаты негізінен балалар мен жасөспірімдерге бағытталғанын ескерсек, онда ЛГБТ-активистер мен «құқық қорғаушылар» нақты кімнің мүддесін қорғап жүр деген заңды сұрақ туындайды», – деді Әшімбаев. Сонымен бірге, қоғамда бұл заң аясында құқық қорғау органдарының тарапынан шамадан тыс шара қолдану қаупі бар деген алаңдаушылықтар да айтылуда. Яғни, шынайы насихат болмаған жағдайда да, заң нормаларына сай келетін негіз ізделіп, жазықсыз адамдарға қатысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін деген қауіп бар. Мұндай сезімтал тақырыптарда қоғам тарапынан қысым күшейген жағдайда, билік өкілдері нақты заң бұзушылық болмаса да, құқықтық баға беруге тырысуы ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда, бұл салада заңды теріс пайдалану қаупі – ең маңызды және басты тәуекелдердің бірі болып қала береді.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.