Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Түрікменстан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Қазақстан мен Түрікменстан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

|

|

АСТАНА. 13 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыспен күрестегі әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң қабылданып, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Келісім екі ел арасындағы қылмыспен күрестегі өзара іс-қимылды күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжатта ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, олардың қаржыландырылуы, есірткі мен қару айналымы, заңсыз көші-қон, адам саудасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, экономикалық және киберқылмыстарға қарсы күрес бойынша бірлескен іс-шаралар көзделген.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар жедел және криминалистикалық ақпаратпен алмасып, мамандар арасында тәжірибе алмасуға, құқық қорғау органдарының сұрауларына жедел әрекет етуге уағдаласты.

Келісімде алынған ақпаратты құпия сақтау тәртібі, сұрауды орындаудан бас тарту жағдайлары, сондай-ақ келісімді өзгерту және тоқтату рәсімдері де нақты көрсетілген.

Айта кетейік, Қазақстан осыған ұқсас келісімдерді Болгария, Венгрия, Италия, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері сынды 20-дан астам елмен бекіткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.