Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады және Орталық Азия мен Әзербайжан басшыларының кеңесіне...

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады және Орталық Азия мен Әзербайжан басшыларының кеңесіне қатысады

|

|

АСТАНА. 13 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қараша күндері Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 14-15 қарашада Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен барады», – делінген хабарламада.

Сапар аясында мемлекет басшылары жеке құрамда келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысына қатысады.

Сонымен қатар, 16 қараша күні Президент Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.