Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Орталық Азияның көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді стратегия әзірлеуді ұсынды

Тоқаев Орталық Азияның көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді стратегия әзірлеуді ұсынды

|

|

Астана. 16 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын үйлесімді дамыту мақсатында өңір елдерімен бірлесіп кешенді стратегия әзірлеуді ұсынды.
«Шекарадан өту кезінде тексерістердің қайталануына, артық бюрократиялық рәсімдерге жол бермеу үшін Бірыңғай электронды жүк алып жүру жүйесін енгізу мәселесін қарастыру орынды деп санаймыз. Өңір әлеуетін одан әрі нығайту үшін Орталық Азия көлік жүйесін дамытуға арналған Кешенді стратегия әзірлеуді бастау қажет», – деді Мемлекет басшысы Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде.
Президенттің пікірінше, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Орталық Азия елдерінің аймақты Еуразиядағы басты транзиттік торапқа айналдыру мүмкіндігі бар. «Бірақ бұл үшін тек үйлесімді және ортақ қадамдар ғана нәтижелі болмақ», – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңында құрылып жатқан өндірістік хабтар ерекше мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
«Оларды әрі қарай дамыту аясында жоғары технологиялы жобаларды іске қосуға назар аударуымыз қажет», – деді Президент.
Мемлекет басшысы өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін де айтты.
«Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені және өзге де салаларда ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Сауда кедергілері жүйелі түрде жойылуда, жаңа өткізу пункттері ашылуда, авто және теміржол қатынасы кеңейіп келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы өңіраралық сауда көлемі 11,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл оң үрдісті барынша қолдап, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 20 миллиард долларға дейін жеткіземіз деп ойлаймын», – деді Тоқаев.
Президент болашағы зор салаларда серпінді жобаларды іске қосуға шақырды. Қазақстан бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестікке дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда:
•астық, майлы дақылдар мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру;
•мал шаруашылығы мен органикалық егіншілікті дамыту;
•заманауи қоймалар, логистикалық орталықтар мен дайын азық-түлік өнімдерін өндіретін кешендер салу.
Олар ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруға мүмкіндік береді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ФИФА президенті әлем чемпионатын сынағандарды араздықты қоздырды деп айыптады

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионатын сынағандардың бәрі араздықты қоздырумен айналысты деп мәлімдеп, оларды өз әрекеттері туралы ойлануға шақырды.

Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

Хуситтердің әскери қолбасшылығы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда жарты жылда қаржылық қылмыстарға қатысты 500-ге жуық іс бойынша тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) төрағасы Жанат Әлімановты қабылдады. Кездесуде агенттік басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

Қазақстан Бурабай курорттық аймағында халықаралық Network School қауымдастығымен бірлесіп технологиялық қалашық құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.