Евразия24Еуразия патриоттарыЖеңіл өнеркәсіптегі жаңа серпін: ТМД елдері ынтымақтастығы мен Қазақстанның стратегиялық ұстанымы

Жеңіл өнеркәсіптегі жаңа серпін: ТМД елдері ынтымақтастығы мен Қазақстанның стратегиялық ұстанымы

|

|

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының арнасы «Сән достастығы» форумынан хабарлайды: ТМД мемлекеттерінің жеңіл өнеркәсіп саласын жаңа технологиялық сатыға көтеруге толық әлеуеті бар. Бұл туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий форумның қорытындысы бойынша мәлімдеді. Оның айтуынша, үш күнге созылған шара өз миссиясын толық атқарды – яғни, ТМД кеңістігінде мемлекеттік саясат, экономика, мәдениет пен жаңа технологиялар түйісетін, жеңіл өнеркәсіп пен креативті индустриялардың дамуына жол ашатын тиімді алаңға айналды. «Бүгінгі міндет – бұл салаларды тек қолдап қана қоймай, оларды жаңа технологиялық деңгейге бейімдеу. Сонымен қатар, біздің мәдени мұрамызды ұмытпай, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңызын да ескерген жөн», – деді Бас хатшы. Ол әсіресе жас мамандарды даярлауға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. «Біз форум барысында креативті индустриялар мен жеңіл өнеркәсіп саласында өзін көрсетіп жүрген, дарынды жастарды көрдік. Олар дәстүрді бағалай отырып, заманауи талаптарға сай, жаһандық әрі технологиялық тұрғыда ойлай алады. Осы ұрпақтың әлеуетін дамыту үшін нақты жағдай жасауымыз қажет. Бұл – байқаулар, гранттық қолдау, тағылымдамалар ұйымдастыру, әрі қарай өндірістік ортаға бейімдеу секілді кешенді шараларды қамтуы тиіс», – деді Дмитрий Кобицкий.

 

Евразия24 пікірі:

Сауда және интеграция министрлігінің сыртқы сауда қызметі департаментіне қарасты көпжақты өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Дина Сапарованың айтуынша, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тек қаржылық құралдармен ғана емес, сондай-ақ бейқаржылық тетіктер арқылы да қолдау табуда. Атап айтқанда, экспортты қолдау арқылы отандық кәсіпорындардың халықаралық сауда алаңдарына шығуына жағдай жасалып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгерім Исабекова да бұл саланың жан-жақты мемлекеттік қолдау жүйесінде екенін атап өтті. Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 арнайы экономикалық аймақ пен 130 технопарк жұмыс істеп тұр. Онда орналасқан кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер қарастырылып, дайын инфрақұрылым қолжетімді етілген. Мұндай ауқымды іс-шараларда, мысалы, «Сән достастығы» форумы сияқты жүздеген спикер – оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосқан кезде, сөзсіз, салалық кедергілер, мемлекеттік қолдау шаралары, халықаралық нарықтарға шығуды жеңілдету, ТМД елдері арасындағы заңнамалық бастамалар және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өңірлік интеграцияны нығайту мәселелері кеңінен талқыланады. Қазақстан үшін мұндай форумдарға қатысу — стратегиялық тұрғыдан аса маңызды. Министрлік өкілдері мен кәсіпкерлер көршілес мемлекеттермен тәжірибе алмасып, инвестиция тартуға және жеңіл өнеркәсіп өнімінің экспортын дамытуға мүмкіндік алады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.