Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті

Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті

|

|

Астана. 24 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесуде еліміз бен Еуроодақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Ақордада Еуроодақтың жоғары өкілін қабылдай отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақты Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атай келе, тараптар арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды күшейтудің маңызын ерекше атап өтті», – делінген дүйсенбіде таратылған ақпаратта.

Президенттің айтуынша, биыл қол қойылғанына 10 жыл толып отырған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогтың жоғары бағаланатынын жеткізді.

Өз кезегінде Эдуардс Стипрайс Еуроодақтың Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға бейілді екенін айтып, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықтың серпінді дамуына сенім білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.