Евразия24ЖаңалықтарҚытай компаниясы Қазақстанда $300 млн тұратын жаңа теңіз портын 2028 жылға дейін...

Қытай компаниясы Қазақстанда $300 млн тұратын жаңа теңіз портын 2028 жылға дейін салады

|

|

Астана. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құны $300 млн болатын жаңа теңіз портын салу жоспарлануда. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Аталған жоба Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа бағыты бойынша жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал етеді. Оның іске асырылуы жүк жеткізу мерзімін 7–15 күнге дейін қысқартып, көлік шығындарын 18–25%-ға дейін төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді әкім.

Қилыбайдың айтуынша, жобаның стратегиялық серіктесі – Қытайдың “Чжунъюн Интернешнл” компаниялар тобы. Қазіргі таңда инвестор өңірде компаниясын тіркеп, инвестициялық келісімшартқа қол қою үшін құжаттарын дайындап жатыр.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2025–2028 жылдар аралығы. Жаңа порттың жобалық қуаты – жылына 25 млн тонна жүк.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Нарративтер соғысы. Бірлігі бекем ұлт кімдерді алаңдатады?

Бұл жолы біз тарихи жадымызды сақтау мәселелерін, сондай-ақ мұндай...

Ресей Президентінің мемлекеттік сапары, ЕАЭО саммиті және Астана экономикалық форумы: қорытынды шолу

Сонымен, жоспарланған іс-шаралардың барлығы ең жоғары деңгейде жүзеге асты. Мемлекет басшылары кездесу өткізіп қана қоймай, мүдделі тараптарға өзара ықпалдастықтың жоғары үлгісін паш етті. Тараптардың шынайы сенімі мен жылы қарым-қатынасын айқын аңғартқан дипломатиялық хаттама талаптары толық сақталды. Белгіленген шаралар атқарылып, дайындалған құжаттарға қол қойылды, сондай-ақ көзделген мақсаттарға толығымен қол жеткізілді. Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерді қайталамау мақсатында ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасауды жөн көрдік, өйткені онда барлық мәселе егжей-тегжейлі баяндалған.

Алтын – соңғы онжылдықтағы ең тиімді актив

Нақты алтын банк жүйесінің тұрақтылығына, мемлекеттік қарыз көлеміне немесе реттеуші органның іс-әрекеттеріне тәуелді емес. Геосаяси құбылмалылық кезеңінде бағалы металдың дәл осы қасиеті оны консервативті инвестициялар санатынан шығарып, инвесторлар қызығушылығының алдыңғы шебіне шығарды. Он жыл ішінде алтын ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ең тиімді актив ретінде танылды. Жаһандық ауқымдағы жағымсыз жаңалықтар алтын нарығына оң әсер ететіндіктен, аталған бағалы металдың позициясы одан әрі нығая түсуде. Әлемдік қаржы жүйесінің осал белгілері анық байқалмаған кезеңде инвесторлар жоғары технологиялық компаниялардың акцияларына, АҚШ-тың мемлекеттік қарыз облигацияларына және жоғары кірісті құралдарға басымдық берді.

«Айыптау мәдениеті» белең алған тұста

«Қазақстан ата-аналар одағы» тағы да белсенділік таныта бастады. Бұл қоғамдық бірлестіктің белсенділері жұртты таңғалдырудан жалыққан емес. Кезінде ең даулы әрі резонансты мәлімдемелер дәл осы ұйымның ішінен шыққан болатын.