Евразия24ЖаңалықтарАстана мен Ашхабад арасындағы өзара сауда бес жылда $500 млн-нан асты

Астана мен Ашхабад арасындағы өзара сауда бес жылда $500 млн-нан асты

|

|

АСТАНА. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі соңғы бес жыл ішінде төрт еседен астам өсіп, 500 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Астанаға мемлекеттік сапары аясында кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

«Соңғы бес жылда өзара сауда көлемі төрт еседен аса ұлғайып, жарты миллиард доллардан асты», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда түрікмен капиталының қатысуымен шамамен 140 компания жұмыс істейді, ал қазақстандық инвестициялардың Түрікменстандағы көлемі $120 млн-нан асып отыр.

«Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар да нығая түсті. Жалпы, қазіргі серіктестік деңгейі мен мазмұны толық қанағаттанарлық. Бұл – стратегиялық ынтымақтастық. Дегенмен, біз одан әрі ілгерілеуіміз қажет», – деді Тоқаев.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, көлік-логистикалық байланыстар бойынша мәселелер қаралды.

Сонымен қатар энергетика, өндірістік кооперация, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, білім және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан мен Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптестер деп атады.

«Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша конструктивті өзара іс-қимыл жүргізуде. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес», – деді Бердімұхамедов.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.