Евразия24Таңдаулы жаңалықтарПайдасыз дипломатиялық ұстамдылық

Пайдасыз дипломатиялық ұстамдылық

|

|

RedKazakh Telegram-арнасы хабарлағандай, Украина Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Киевпен «тұрақты байланыс» пен «алаңдаушылық» туралы мәлімдеме жасаған сәтте Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысанына соққы беріп үлгерді. Арна атап өткендей, бұл байланыс шын мәнінде тұрақты сияқты: алаңдап отырғандарын айтқаннан кейін бірнеше сағаттан соң Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры жүйесінің негізгі басқару орталығы орналасқан Оңтүстік Озерейкадағы терминалға соққы жасалды. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлер эвакуацияланды, жүк операциялары уақытша тоқтатылды. Краснодар өлкесінің губернаторы бұл шабуылды соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады. Қазақстан үшін экспорттың 80%-ын қамтамасыз ететін әріптес инфрақұрылымына жасалған соққы, алаңдаушылық тудыратыны анық. Алайда ресми Астананың жауабы бұл жолы да жұмсақ тұжырымдармен және украин тарабына «алаңдаушылықты жеткізу» уәдесімен ғана шектелді. Достас мемлекет саналып келген Украина Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылымдарға қатысты қатаң позиция ұстанып отыр. Бірақ ел билігі бұл мәселе бойынша қарым-қатынасты шиеленістірмей, пікір білдіруді Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жүктеуді жөн көрген сыңайлы. RedKazakh арнасының пайымынша, Қазақстан тарапынан мұндай дипломатиялық ұстаным Украинаға әсер етіп отырған жоқ.

 

Евразия24 пікірі:

Қазақстан аумағында немесе оның сыртында ұлттық мүдделерге тікелей әсер ететін дрон соққыларына қатысты елдің жоғары басшылығы мен сыртқы саяси ведомствосының ұстамды әрі дипломатиялық сипаттағы мәлімдемелермен шектелуі – түсінікті жайт. Бұл еліміздің көпвекторлы, бейбітсүйгіш және салмақты сыртқы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Дегенмен, мұндай оқиғаларға қатысты сарапшылық қауым тарапынан пікір білдірілмеуі таңданыс тудырады. Мұнда дрон шабуылдарын айыптау туралы ғана емес, жалпы ұлттық мүдделерді қорғау тұрғысынан ұстаным білдіру қажеттілігі туралы сөз болып отыр. Ел ішінде кейбір қоғамдық іс-шаралар немесе эстрада жұлдыздарының концерттері белгілі бір саяси себептермен тоқтатылып жатқанда, бұл азаматтық белсенділік ретінде бағаланады. Алайда сыртқы қауіп-қатерлерге келгенде осындай азаматтық ұстанымның байқалмауы алаңдатады. Бұл жағдай Батыс елдерінде жиі кездесетін қосарлы стандартты еске салады: бір тұлға немесе елге қатысты субъективті көзқарастың негізінде басқа бір елдің арандатушылық әрекеттеріне түсіністікпен қарау және ел мүддесіне нұқсан келтіретін жағдайларда үнсіз қалу үрдісі байқалуда.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.