Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарСалық реформасына қоғамның көзқарасы: DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижелері

Салық реформасына қоғамның көзқарасы: DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижелері

|

|

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы хабарлайды: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл құжатта, атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру қарастырылған. DEMOSCOPE жүргізген сауалнама нәтижелері қоғамның бұл салық реформасын көбіне скептицизммен қабылдап отырғанын көрсетті. Респонденттердің басым бөлігі (жиынтығы 61,4%) салықтардың көтерілуі олардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді деп санайды. Олардың ішінде 32,4%-ы бұл өзгеріс өмір сапасын едәуір нашарлатады десе, 29%-ы – аздап нашарлатады деп есептейді. Сонымен қатар, 20,6% қатысушы ҚҚС өсімі өмір салтына еш әсер етпейді деп жауап берсе, 9%-ы бұл қадам өмір сапасын жақсартады деп ойлайды (оның ішінде елеулі жақсартады дегендер де, аздап жақсартады дегендер де бар). Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін арттыруды бюджетті толықтырып, экономиканы тұрақтандыру мен әлеуметтік шығыстарды өтеу қажеттілігімен түсіндіреді. Алайда сауалнама нәтижелері қоғамның көпшілігі бұл ұстанымды бөліспейтінін көрсетеді. Керісінше, респонденттердің пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесінің артуы келесі салдарға әкелуі мүмкін: тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі – 65,5%, шағын және орта бизнес субъектілерінің санының қысқаруы – 27,3%, жұмыссыздықтың артуы – 26,5%, көлеңкелі экономика мен салықтан жалтару деңгейінің өсуі – 19,6%. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың бір бөлігі бұл өзгерістердің оң әсері болуы мүмкін екенін де атап өтті. 18,2%-ы бұл шешім мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемінің артуына ықпал етеді деп есептесе, 9,4%-ы азаматтардың өмір сүру деңгейі жақсарады деген пікір білдірген.Тағы 12,6% сауалнамаға қатысушы реформа ешқандай елеулі өзгеріс әкелмейді деп есептейді. Бұл сауал бойынша қатысушыларға үш жауап нұсқасына дейін таңдау мүмкіндігі берілген.

 

Евразия24 пікірі:

Бұған дейін көптеген сарапшылар айтып өткендей, енді DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама респонденттері де салық реформасының басты салдарының бірі – тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы болуы мүмкін екенін алға тартады. ҚҚС – тұтынуға салынатын жанама салық ретінде, өзінің табиғатына сай, ақырғы тұтынушыға жүктеледі. Шағын және орта бизнес субъектілері шығындардың өсуін өздерінің пайда нормасын сақтау мақсатында бөлшек бағаға міндетті түрде енгізеді. Сол себепті бағаның өсуі азаматтардың нақты табысын азайтып, халықтың өмір сүру деңгейіне қатысты алаңдаушылық туғызып отыр. Мұндай жағдайда салықтардың өсуі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді деп есептейтін 9% қазақстандықтың бары расында да таңданыс тудырады. Бұл топ, мүмкін, зерттеу нәтижелерінің тым пессимистік болмауы үшін қажет болған шығар. Алайда бұл жалпы көріністі өзгертпейді. Себебі, салықтық реформа арқылы тұрақтылыққа қол жеткізу қаншалықты орынды болса да, нарық заңдылықтарына сәйкес бұл нақты өмірде әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін. Оның үстіне, қазіргі жағдай бұл өзгерістерге аса қолайлы кезең емес.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Жапонияға арналған Tomahawk зымырандарын жеткізуді уақытша тоқтатты

АҚШ Жапонияға жүздеген Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізуді белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы The Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ пен Иран атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуы мүмкін

Жақын арада АҚШ пен Иран қол қоюы мүмкін меморандум атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуды көздейді. Бұл туралы Axios порталы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Иран Ормуз бұғазындағы бақылаудан бас тартпайды

АҚШ-пен уақытша келісім аясында Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелер қозғалысын қалпына келтіруге дайын, алайда бұғазға бақылаудан бас тартпайды. Бұл туралы Tasnim агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ әскері Таяу Шығыстан Иранмен түпкілікті келісім жасалғаннан кейін ғана шығарылады

Соңғы айларда Таяу Шығысқа орналастырылған америкалық әскерилер АҚШ пен Иран арасында түпкілікті келісімге қол жеткізілген жағдайда ғана өңірден шығарылады. Бұл туралы Axios порталы ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.