Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыстың жаңа белесі

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыстың жаңа белесі

|

|

Қырғыз Республикасының ірі әкімшілік орталығы саналатын Ош қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көше, ескерткіш және музейдің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым қатысты. Жиналғандарға арнаған сөзінде Аида Балаева осы бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді: «Биыл тамыз айында Бішкек қаласында Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған ескерткіш ашылған болатын. Бүгін сол игі дәстүр Ош жерінде жалғасып отыр. Бұл тек мәдени нысандар ғана емес, бұл – халықтарымыз арасындағы бауырластықтың, рухани сабақтастық пен өзара құрметтің мәңгілік белгісі. Бұл – болашақ ұрпақтарды білімге, мәдениетке және жасампаздыққа жетелейтін ортақ құндылық», – деп атап өтті министр.

 

Евразия24 пікірі:

Оқиға, сөзсіз, ерекше маңызға ие. Ұлы Абайдың есімі енді бауырлас Қырғыз елінде көше мен музейге беріліп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Қырғызстанға жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы сөз» («Атамжөнүндө баян») атты кітабының қырғыз тіліне аударылған нұсқасы таныстырылды. Министрдің айтуынша, бұл басылым – екі ел арасындағы әдеби байланыстарды жаңа сапалық деңгейге көтеретін елеулі қадам. Сондай-ақ ол ортақ тарихи-мәдени кеңістігіміздің заңды жалғасы және қос бауырлас халықтың рухани сабақтастығының айқын көрінісі екенін атап өтті. Бұл сөздің жаны бар. Әлемдік ақпараттық, сауда-саттық, саяси, экономикалық және гуманитарлық қақтығыстар күшейген кезеңде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен рухани жақындықты сақтау, ұлы тұлғалар мен өткеннің ерліктерін ұмытпау, мәдени құндылықтарды шекарадан тыс кеңістіктерге жеткізу және олардың шынайы құрметке ие болуы – ерекше маңызға ие.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.