Евразия24ЖаңалықтарИзраиль қорғаныс бюджетінің жобасын таныстырды

Израиль қорғаныс бюджетінің жобасын таныстырды

|

|

ИЕРУСАЛИМ. 5 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Израильдің 2026 жылға арналған қорғаныс бюджеті 7 миллиард долларға өсіп, 35 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұл жөнінде жұма күні The Jerusalem Post басылымы хабарлады.

«Израильдің 2026 жылға арналған қорғаныс бюджеті шамамен 35 миллиард доллар көлемінде белгіленді. Бұл – бұған дейінгі жобада көзделген 28 миллиард доллардан әлдеқайда көп», – деп жазды басылым Қорғаныс министрінің кеңсесіне сілтеме жасап.

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың мәлімдеуінше, «Армияны нығайту, сарбаздардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету және резервистерге түсетін ауыртпалықты азайту бағытындағы жұмыс табанды түрде жалғаса береді».

The Jerusalem Post Қаржы министрі Бецалель Смотричтің кеңсесіне сілтеме жасай отырып, 2026 жылға жоспарланған қорғаныс шығындарының көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 15 миллиард долларға артқанын атап өтеді. Айта кетейік, 2023 жылы өңірде қарулы қақтығыстар басталған болатын.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Израиль 2024 жылы ХАМАС және «Хезболла» қозғалыстарына қарсы әскери іс-қимылдарға шамамен 31 миллиард доллар жұмсаған.

Кеше Израиль Министрлер кабинеті келесі жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға кірісті. Егер бюджет 2026 жылдың наурызына дейін бекітілмесе, елде қайта сайлау өтуі мүмкін. Жұма күні бюджет жобасы бойынша алғашқы оқылымда дауыс беру жоспарланып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.