Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Палестина президенттері телефон арқылы ынтымақтастық болашағы мен халықаралық өзекті мәселелерді...

Қазақстан мен Палестина президенттері телефон арқылы ынтымақтастық болашағы мен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

|

|

Астана. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық саладағы серіктестікті дамыту бағыттарын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастықты қарастырды.

Сонымен бірге президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Әсіресе Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Президенті өңірде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған халықаралық бастамаларды қолдайтынын атап өтіп, бұл үдеріс «екі халық үшін екі мемлекет» қағидатына негізделуі тиіс екенін мәлімдеді.

Палестина Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палестина мемлекеті мен халқына көрсетіліп келе жатқан тұрақты әрі дәйекті қолдауы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы маңызды рөлін жоғары бағалады.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Махмуд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.