Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Палестина президенттері телефон арқылы ынтымақтастық болашағы мен халықаралық өзекті мәселелерді...

Қазақстан мен Палестина президенттері телефон арқылы ынтымақтастық болашағы мен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

|

|

Астана. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық саладағы серіктестікті дамыту бағыттарын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастықты қарастырды.

Сонымен бірге президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Әсіресе Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Президенті өңірде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған халықаралық бастамаларды қолдайтынын атап өтіп, бұл үдеріс «екі халық үшін екі мемлекет» қағидатына негізделуі тиіс екенін мәлімдеді.

Палестина Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палестина мемлекеті мен халқына көрсетіліп келе жатқан тұрақты әрі дәйекті қолдауы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы маңызды рөлін жоғары бағалады.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Махмуд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Лилия Игликова мен Орхан Йолчуев: Каспий маңындағы үлкен саясат туралы ашық әңгіме

Журналист Лилия Игликова мен әзербайжандық «Caspia» талдау орталығының директоры Орхан Йолчуевтің арасындағы болған сұхбат бұл айдарға сұранып-ақ тұр, өйткені бұл мәселе шынымен де өзекті!

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: Тәуекел аймағындағы миллиондаған қызметкерлер

Қазақстанда «өнеркәсіптік тәуелділікке» ұшыраған тұрақты әлеуметтік топ қалыптасты — бүгінде 1,6 миллионнан астам адам күн сайын жұмыс барысында қауіпті жағдайлармен бетпе-бет келеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылы қабылданған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы мен бейінді ведомстволардың бақылау жүйесін цифрландыру туралы есептеріне қарамастан төмендемей отыр. Кәсіпорындардың зиянды еңбек жағдайлары үшін жұмсайтын шығыны 518 миллиард теңгеден асты. Алайда бұл қаражат өндірісті жаңғыртуға емес, негізінен жұмысшылардың денсаулығына төнетін қауіп үшін төленетін өтемақыларды индекстеуге бағытталып отыр. Әлемдік деңгейде адам факторын қажет етпейтін технологияларға көшу үрдісі байқалса, отандық өнеркәсіп саласы әлі де денсаулыққа келетін зиянды қосымша демалыс күндері мен жеңілдіктер арқылы өтеу тәжірибесінен арыла алмай келеді.

Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Иран АҚШ-пен жасалған отты тоқтату туралы келісімді 10 рет бұзды

Иран отты тоқтату туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап американдық әскерлерге 10-нан астам рет шабуыл жасады.