Евразия24ЖаңалықтарТоқаев 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және бюджетаралық аударым көлемі жөніндегі...

Тоқаев 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және бюджетаралық аударым көлемі жөніндегі заңдарға қол қойды

|

|

Астана. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Президент «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы аударым көлемі туралы» заңды бекітті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 5,4%-ды құрайды, ал үш жылдағы орташа жылдық өсім 5,3% деңгейінде болжанып отыр. Номиналды ЖІӨ көлемі 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Үш жылдық бюджетте валюта бағамы бір АҚШ долларына 540 теңге деңгейінде қарастырылған. Базалық сценарий аясында мұнайдың орташа бағасы барреліне 60 АҚШ доллары деп алынған.

Инфляция болжамы 2026 жылы 9–11% деңгейінде, ал 2027–2028 жылдары орта есеппен 6% мөлшерінде айқындалды.

2026 жылы бюджет кірістері 19,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 10,5%-ы деңгейінде жоспарланып отыр. 2027 жылы кірістер 21,2 трлн теңгені, 2028 жылы 23,2 трлн теңгені құрайды.

Республикалық бюджет шығыстары 2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 15,1%-ы деңгейінде, 2027 жылы 28,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 14%-ы, 2028 жылы 29,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 13%-ы көлемінде көзделген. Бұл көрсеткіштер бюджет ережелерімен белгіленген шектеулерді сақтау шартында айқындалған.

Фискалдық және мұнайға тәуелсіз бюджет тапшылығы 2026 жылы тиісінше ЖІӨ-нің 2,5% және 4,9% деңгейінде белгіленіп, 2028 жылға қарай 0,9% және 2,7%-ға дейін төмендейді.

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген аударыс жыл сайын 2,770 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Осы көрсеткіштерді ескере отырып, үкіметтік қарыздың деңгейі 2026 жылы ЖІӨ-нің 21,4%-ын құрап, 2028 жылға қарай 19,6%-ға дейін төмендейді деп болжануда.

8 желтоқсандағы ресми айырбастау бағамы – 1 АҚШ долларына 504,49 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ФИФА президенті әлем чемпионатын сынағандарды араздықты қоздырды деп айыптады

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионатын сынағандардың бәрі араздықты қоздырумен айналысты деп мәлімдеп, оларды өз әрекеттері туралы ойлануға шақырды.

Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

Хуситтердің әскери қолбасшылығы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда жарты жылда қаржылық қылмыстарға қатысты 500-ге жуық іс бойынша тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) төрағасы Жанат Әлімановты қабылдады. Кездесуде агенттік басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

Қазақстан Бурабай курорттық аймағында халықаралық Network School қауымдастығымен бірлесіп технологиялық қалашық құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.