Евразия24ЖаңалықтарЖапонияда қаңтар айында әлемдегі ең ірі атом электр станциясы жұмысын қайта бастайды

Жапонияда қаңтар айында әлемдегі ең ірі атом электр станциясы жұмысын қайта бастайды

|

|

Токио. 22 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Жапонияның Ниигата префектуралық жиналысы дүйсенбі күні осы аймақ басшысы Хидэё Ханадзумидің белгіленген қуаты бойынша әлемдегі ең ірі атом электр станциясы саналатын «Касивадзаки–Карива» АЭС-ін қайта іске қосу туралы шешімін қолдады. Бұл туралы The Japan Times басылымы хабарлады.

Күтіліп отырғандай, станция операторы TEPCO компаниясы жеті реактордың бірін 20 қаңтарда іске қосуды жоспарлап отыр.

Префектуралық жиналыста сөйлеген Хидэё Ханадзуми бұл шешімді «маңызды кезең» деп атап, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Басылымның еске салуынша, Жапония 2011 жылы «Фукусима-1» АЭС-тегі апаттан кейін ел аумағындағы барлық 54 ядролық реактордың, соның ішінде «Касивадзаки–Карива» станциясының да жұмысын тоқтатқан. Кейінгі он жыл ішінде олардың бір бөлігі кезең-кезеңімен қайта іске қосылды.

Дауыс беру алдында Ниигата префектуралық жиналысының ғимараты маңына бірнеше жүз адам жиналып, наразылық білдірді. Наразылардың басым бөлігі – радиациялық апаттың қайталануынан қауіптенетін егде жастағы тұрғындар.

Ал «Фукусима-1» АЭС-інің де операторы болып табылатын TEPCO компаниясы «мұндай апаттың енді ешқашан қайталанбауы және Ниигата тұрғындарының осындай жағдайды бастан кешпеуі үшін барлық жауапкершілікті толық сезінетінін» мәлімдеді.

2011 жылдың наурыз айында Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында күшті жер сілкінісі болып, оның салдарынан цунами туындаған еді. Үлкен толқын «Фукусима-1» атом электр станциясын басып, 1986 жылғы Чернобыль апатынан кейінгі ең ауқымды ядролық апатқа әкелген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.