Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында «Байтақ» жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеді. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания королі VI Фелипені және испан халқын ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, тарихында екінші рет әлем чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Дүйсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері негізінен өсім көрсетті. Тек Оңтүстік Кореяның акциялар нарығы төмендеді.
Lockheed Martin корпорациясы АҚШ пен Еуропадағы серіктестерімен бірлесіп Patriot зениттік-зымыран кешендеріне (ЗЗК) арналған жаңа тосқауыл зымырандарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Financial Times (FT) басылымының хабарлауынша, олардың құны қазіргі үлгілерден екі еседен астам арзан болады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға мемлекеттік сапары бұрынғыдай қыркүйек айына жоспарланған. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайды америкалық сайлауға араласуға тырысты деп айыптаған мәлімдемелерінен кейін де бұл жоспарға өзгеріс енгізілген жоқ.
Судан Қарулы күштерінің қолбасшылығы Эфиопиядағы қарулы оппозициялық топтарға қолдау көрсетіп отыр деген айыптауды негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды дүйсенбі күні «Анадолу» агенттігі.
Тегеран атом энергетикасына қатысты мәселелерде АҚШ-қа жол беруге дайын емес және бітім жөніндегі келіссөзді қайта бастау үшін өзінің ядролық бағдарламасын талқылауды жоспарлап отырған жоқ.
Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс.
Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді.
2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.