Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына террористік шабуыл жасалды. Консорциумның хабарлауынша, 19 шілдеде ВПУ-1 және ВПУ-3 қашықтағы тиеу құрылғыларында мұнай тиеу жұмыстары кезінде ASIA және NISSOS IOS танкерлеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) көмегімен нысаналы шабуыл жасалған.
Иран армиясы Орталық штабының бастығы, генерал-майор Әли Абдуллахи жексенбі күні АҚШ-тың шабуылдарына жауап ретінде америкалық күштерге жойқын соққы берілетінін мәлімдеді.
АҚШ әкімшілігі басқа мемлекеттерге қарсы санкцияларды одан әрі кеңінен қолдану доллардың әлемдік қаржы жүйесіндегі басым позициясын әлсіретуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы The New York Times газеті жазды.
АҚШ-тың Ирандағы салынып жатқан «Дарховин» атом электр станциясына (АЭС) жасаған соққылары радиацияның таралуына әкелген жоқ. Себебі нысан құрылыстың бастапқы кезеңінде болған. Бұл туралы жексенбі күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) мәлімдеді.
Судан Қарулы күштерінің қолбасшылығы Эфиопиядағы қарулы оппозициялық топтарға қолдау көрсетіп отыр деген айыптауды негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды дүйсенбі күні «Анадолу» агенттігі.
Тегеран атом энергетикасына қатысты мәселелерде АҚШ-қа жол беруге дайын емес және бітім жөніндегі келіссөзді қайта бастау үшін өзінің ядролық бағдарламасын талқылауды жоспарлап отырған жоқ.
Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс.
Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді.
2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.