Виктория Вильярруэль Аргентина құрамасының Англияны жеңгенінен кейін Фолкленд аралдары (Аргентинада Мальвин аралдары деп аталады) Аргентинаға тиесілі екенін мәлімдеді.
АҚШ-тың негізгі қор индекстері сәрсенбі күні инфляцияның баяулағанын көрсеткен статистикалық деректер мен екінші тоқсандағы корпоративтік есеп беру маусымының сәтті басталуы аясында өсім көрсетті.
АҚШ-тағы бірқатар саясаткерлер сенатор Линдси Грэм қайтыс болғаннан кейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынаста маңызды делдалынан айырылды деп алаңдап отыр. Бұл туралы Politico басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Салық және кеден аудиттерінің нәтижесіне үңілсек, біздіңше, ең қызықты қорытынды — қазынаға түспей қалған 730 миллиард теңге емес, мүлдем басқа жайт. Ол — соңғы 4 жылда дауланған қосымша салық есептеулерінің жартысынан астамын соттар мен жоғары тұрған инстанциялар салық төлеушілердің пайдасына шешіп, күшін жойғаны.
Судан Қарулы күштерінің қолбасшылығы Эфиопиядағы қарулы оппозициялық топтарға қолдау көрсетіп отыр деген айыптауды негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды дүйсенбі күні «Анадолу» агенттігі.
Тегеран атом энергетикасына қатысты мәселелерде АҚШ-қа жол беруге дайын емес және бітім жөніндегі келіссөзді қайта бастау үшін өзінің ядролық бағдарламасын талқылауды жоспарлап отырған жоқ.
Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс.
Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді.
2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.