Евразия24Таңдаулы жаңалықтарМиллиардтаған салықтық қателіктер және бизнестің зардабы

Миллиардтаған салықтық қателіктер және бизнестің зардабы

|

|

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мәліметінше, 2025 жылға арналған салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Ведомствоның хабарлауынша, аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралған. Мемлекеттік аудиторлар анықтағандай, есепті кезеңде республикалық бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар толық орындалмаған. Орындалмаған сома 730 млрд теңгені немесе жоспардың 4,8 пайызын құраған. Бұған негізгі себептердің бірі – салық түсімдері болжамының 1,3 трлн теңгеге артық жоспарлануы. Аудит нәтижесінде соңғы төрт жыл ішінде қосымша есептелген салық сомалары бойынша дау туғызған істердің жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені анықталған. Бұған салық заңнамасының талаптарын бұзу және тексеру актілерін рәсімдеу кезінде жіберілген рәсімдік қателіктер себеп болған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата салықтық тексерулердің сапасына бақылауды күшейтуді қажет деп санайды. Жалпы аудит қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ 33 рәсімдік бұзушылық пен 11 жүйелі кемшілік тіркелген. Анықталған барлық мәселелер бойынша Жоғары аудиторлық палата тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар әзірлеп, оларды міндетті түрде орындау үшін аудит жүргізілген барлық ұйымдарға жолдаған. Бұл жұмыстың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Еуразия24 пікірі:

Салық және кеден аудиттерінің нәтижесіне үңілсек, біздіңше, ең қызықты қорытынды — қазынаға түспей қалған 730 миллиард теңге емес, мүлдем басқа жайт. Ол — соңғы 4 жылда дауланған қосымша салық есептеулерінің жартысынан астамын соттар мен жоғары тұрған инстанциялар салық төлеушілердің пайдасына шешіп, күшін жойғаны. Бұл — жекелеген инспекторлардың қателігі емес, тұтастай алғанда салықтық әкімшілендіру сапасының сыр бергенін көрсетеді. Іс жүзінде Жоғары аудиторлық палата бизнестің көптен бері айтып жүрген уәжін растап берді: тексерулер кезінде салық заңнамасын бұзу мен рәсімдік қателіктерге жиі жол беріледі. Ал бұл кәсіпкерлер үшін — айлап сот табалдырығын тоздыру, заңгерлер жалдап шығындану, шоттардың бұғатталуы, белгісіздік пен уақыт жоғалту деген сөз. Тіпті, салық төлеуші сотта жеңіп шыққан күннің өзінде, шеккен шығындарын толық өтеп алуы екіталай. Ал фискалдық органдар мұндай шығындарды есепке алып, бас ауыртып жатпасы анық. Осы орайда тағы бір жайттың беті ашылды. Аудиторлар салық түсімдерінің болжамы бірден 1,3 триллион теңгеге асыра көрсетілгенін ашық айтты. Демек, мемлекет бюджет кірісін жинау бойынша өзіне тым биік меже белгілеп, кейін салық органдары осы көрсеткіштерге қалай да жетуге мәжбүр болған. Әрине, жоғары мақсаттардың қойылуы салықшылардың арам пиғылынан хабар бермесі анық, бірақ жоспарды орындау құлшынысы заңдылық пен салық төлеушінің адалдық презумпциясынан үстем түсе бастаса, бұл алаңдаушылық туғызбай қоймайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев құны 1,8 млрд доллар болатын Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына бастау берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың елдегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады

Түркияда ресейлік туристер арасында кеңінен қолданылатын Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей туроператорлары қауымдастығы (АТОР) сервис операторына сілтеме жасап хабарлады.

Арктиканың Еуропалық Одақ қауіпсіздігі мен экономикасы үшін маңызы артып келеді

Еуропалық Одақ аумағының бір бөлігі Арктикада орналасқан. Қазіргі уақытта бұл өңірде геосаяси өзгерістер қарқын алып келеді. Бұл туралы сейсенбі күні Страсбургте Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.