Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

|

|

АСТАНА. 4 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Президент министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытуды және қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу және кейін бұл тәжірибені басқа өңірлерге тарату мәселесіне ерекше назар аударылды», — делінген Президент сайтында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы экологиялық мәдениетті арттыру және «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі тиімді жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

Әлібек Қуантыров Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне өткен бейсенбіде тағайындалған.

Бұған дейін қытайлық China Tianying Inc. компаниясының еліміздің үш қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған бірнеше зауыт салуды жоспарлап отырғаны хабарланған.

Сонымен қатар қазір Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай зауыттар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны 293,3 млрд теңгені құрайды. Зауыттардың жиынтық қуаты тәулігіне 4,5 мың тонна қалдықты өңдеуге және 134 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаларды қытайлық Junxin Environmental Protection, EAST HOPE және Shaanxi Construction Engineering компаниялары жүзеге асыруда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.

АҚШ қор нарығы бейсенбі күнгі сауданы өсіммен аяқтады

Бейсенбі күні АҚШ қор нарығы айтарлықтай өсім көрсетті. Бұған Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) базалық мөлшерлемені агрессивті түрде көтереді деген алаңдаушылықтың бәсеңдеуі әсер етті.