Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілер үлесінің жоғары екені анықталды. Алайда, автокөлік иелерінің жартысынан көбі ереже бұзбаған жағдайда, қаланың жол-көлік оқиғалары бойынша республикада тұрақты түрде алда тұру себебі сұрақ туындатады.
Халықаралық рейтингтерге байыппен қарау қажеттігін негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы туралы ақпарат айқын көрсетеді. Әсіресе, Нью-Йорк көрсеткіштеріне негізделген есептеулерге сынмен қараған жөн.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекет басшылары әкімшіліктері деңгейіндегі белсенді өзара іс-қимылды дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.
Пентагон Таяу Шығысқа үш ірі десанттық кемеден тұратын тағы бір амфибиялық-десанттық топ жіберді. Оның құрамында 2 мыңнан астам әскери қызметшісі бар теңіз жаяу әскерінің 13-экспедициялық батальоны бар, деп хабарлады The Wall Street Journal америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.
Израиль билігі 30 қыркүйекте Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai ұшағындағы оқиғаны теракт жасау әрекеті деп бағалады. Ұшқышқа шабуыл жасалғаннан кейін әуе кемесі Сауд Арабиясына шұғыл қонған болатын. Бұл туралы Израильдің Ресейдегі елшісі Одед Йосеф мәлімдеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті миллиардтаған теңгеге бағаланған астыққа қатысты ірі заңсыз схеманың жолын кесті.
«Тергеу деректеріне сәйкес, Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын 130 мың тоннаға жуық астық экспортталған. Өнім Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға жөнелтілген.