Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) Еуропа мен Азияны жалғайтын логистикалық бағыт ретінде ғана емес, сондай-ақ біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырудың негізі ретінде қарастыруды ұсынады.
Қазақстан Еуропалық одаққа импортталатын мұнайдың шамамен 13 пайызын және табиғи уран жеткізілімінің 16 пайызын қамтамасыз етеді. Бұл энергетика саласындағы ынтымақтастықты Астана мен Брюссель арасындағы қатынастардың негізгі тіректерінің біріне айналдырып отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Қазақстан Үкіметі жол бойы сервисі нысандарын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жобасын мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Еуропалық одақ қазіргі жағдайда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге сапары қарсаңында Euronews басылымында жарияланған бағдарламалық мақаласында жазды.
Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кезекті проблемаларды жауапкершілікті өзге тарапқа ысыру арқылы шешу үрдісі байқалады. Жеке сектор халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік міндеттерді орындағанымен, кейіннен өз қаражатын алу үшін соттасуға мәжбүр.
Пентагон Таяу Шығысқа үш ірі десанттық кемеден тұратын тағы бір амфибиялық-десанттық топ жіберді. Оның құрамында 2 мыңнан астам әскери қызметшісі бар теңіз жаяу әскерінің 13-экспедициялық батальоны бар, деп хабарлады The Wall Street Journal америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.
Израиль билігі 30 қыркүйекте Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai ұшағындағы оқиғаны теракт жасау әрекеті деп бағалады. Ұшқышқа шабуыл жасалғаннан кейін әуе кемесі Сауд Арабиясына шұғыл қонған болатын. Бұл туралы Израильдің Ресейдегі елшісі Одед Йосеф мәлімдеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті миллиардтаған теңгеге бағаланған астыққа қатысты ірі заңсыз схеманың жолын кесті.
«Тергеу деректеріне сәйкес, Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын 130 мың тоннаға жуық астық экспортталған. Өнім Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға жөнелтілген.