Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі, АҚШ-тың Үндістандағы елшісі Серджио Гормен Астанада кездесу өткізді. Бұл туралы сейсенбі күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауғанстандағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, ел әлі де әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан кешіруде. Бұл туралы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы басшысының міндетін атқарушы Джорджет Ганьон БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесу барысында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Иранға қарсы әскери соққылардан әзірге бас тартуға шақырды. Себебі Вашингтон мен Тегеран жақын күндері келісімге қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.
Қытайдың экспорты мамыр айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға өсіп, рекордтық 376,78 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы елдің Бас кеден басқармасы хабарлады.
Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус Германия үкіметі жаңа буын жойғыш ұшағын әзірлеу бойынша жаңа серіктестер іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Берлин мен Париж бірлескен Future Combat Air System (FCAS) жобасынан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.
Эфиопияның үкіметті қолдайтын күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығы Мэкэле қаласының маңындағы негізгі әуежайға бақылауды қалпына келтіргенін мәлімдеді.
Осы аптаның басында Дубайдан Тель-Авивке ұшқан рейс кезінде ұшақты басып алуға әрекет жасаған Flydubai әуе компаниясының екінші ұшқышы әуе кемесінің командиріне апаттық балтамен шабуыл жасаған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёнға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Бүгінде республика бойынша Жамбыл облысы мен Тараз қаласы көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді елемейтіндігіне қатысты азаматтар тарапынан шағымдар жиі айтылып жүргені жасырын емес. Енді бұл бассыздыққа шектеу қойылмақ! Өйткені Жамбыл облысының кей өңірлері мен Тараз қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды цифровизациялық қадам жасалды: өңірдегі Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде тіркеу функциясын іске қосты.