Қазақстан делегациясы Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың жетекшілігімен Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумына қатысты.
Treads әлеуметтік желісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Астанадан Алматыға бағыт алған әуе рейсінде жолаушыға шұғыл медициналық көмек көрсеткені жайлы оқиға қызу талқылануда.
«Биыл көктемде мен «инфорекет» деп аталатын құбылысқа назар аударған болатынмын. Бұл – кейбір блогерлер мен белсенділердің әрекеті қарапайым бопсалауға айналған жағдай. Мұндай тәжірибелер бұған дейін де орын алған – олар қоғамға жат элементтермен «ойнақылық» саясатының салдарынан қалыптасты.
JPMorgan Chase & Co. (SPB: JPM) Лондон қаласында 12 мыңға дейін қызметкерді орналастыруға қауқарлы жаңа штаб-пәтер салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады банк өзінің ресми мәлімдемесінде.
Banpu тай энергетикалық компаниясы АҚШ-тағы қатысуын кеңейту үшін кемінде $1,5 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім деректерді өңдеу орталықтары тарапынан электр энергиясына сұраныстың артуымен байланысты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер кодексіне келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу процесін толықтай цифрлық форматқа — электронды конкурстарға көшіруді қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік арасындағы әріптестік жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына өзгерістер енгізуге қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.