Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесуде еліміз бен Еуроодақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Израиль, Қырғызстан, Куба, Ливан, Зимбабве және Сомали елдерінің жаңадан тағайындалған елшілері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыс етті.
ТМД мемлекеттерінің жеңіл өнеркәсіп саласын жаңа технологиялық сатыға көтеруге толық әлеуеті бар. Бұл туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий форумның қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Exclusive журналы «Қазақстан қауіп-қатерге қаншалықты дайын? Украинадан алынар сабақ бар ма?» деген мәселені көтереді. Бейнематериалдың сипаттамасында былай делінген: «Ресей мен Украинаның арасындағы соғыс әлемдік қауіпсіздікке деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.Тіпті қақтығыс ошағынан алыс жатқан елдердің өзі мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қуатты армияның қажет екенін ұғына бастады.
Ішкі істер министрлігі 23 қарашадан бастап күшіне енетін жол қозғалысы ережелеріне енгізілген негізгі жаңашылдықтар туралы мәлімдеді. Елді мекендер аумағында жүк көліктері үшін жылдамдық 50 км/сағ деңгейінде шектелді.
Қазақстан өндірісті оқшаулау мүмкіндігіне ие болса, ЕАЭО-дағы серіктестер — жаңа нарық пен өзара іс-қимылға, ал бизнестің өзі — арзан қаржыландыруға қол жеткізеді.
Ұшқышсыз аппараттардың Қазақстан қатысатын инфрақұрылым нысандарына бағытталған шабуылдары жиілеп отырғанын ескерсек, біздіңше, үкімет тек «жағдайды бақылаумен» шектелмей, ұлттық мүдделерді неғұрлым батыл әрі дәйекті қорғауы қажет.
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, дүйсенбі күні Йемен аумағынан елдің оңтүстігіндегі Эйлат бағытына дрондар ұшырылған, олардың бір бөлігі жойылды, деп хабарлайды The Times of Israel.
Катар Премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман бен Жассем Әл Тани Таяу Шығыс өңірінде азық-түлік, сумен жабдықтау және энергетикаға қатысты инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін мәлімдеді.