CBS телеарнасының хабарлауынша, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің атомдық әуе тасығышы USS Gerald Ford Кариб теңізінде, Венесуэлаға әуедегі соққы жасау радиусында орналасқан.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда азық-түлік өндірісі 9%-ға ұлғайып, 3,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров арасындағы кездесуден кейін Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші, соңғы оқылымда қабылдады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, ол елдегі криминогендік жағдай мен ІІМ алдында тұрған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.
Катар Премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман бен Жассем Әл Тани Таяу Шығыс өңірінде азық-түлік, сумен жабдықтау және энергетикаға қатысты инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін мәлімдеді.
JPMorgan Chase & Co. бас директоры Джейми Даймон Ирандағы соғыс салдарынан мұнай мен басқа да шикізат бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне және пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне алып келуі мүмкін екенін ескертті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) төрағасы Жанат Элимановтың ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.