Қазақстан мен Ресей мұнай мен мұнай өнімдері саласындағы әріптестікті нығайтуға келісті, сондай-ақ газ жеткізу мен оны үшінші елдерге тасымалдау мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы мемлекетаралық қатынастарды жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтеру жөніндегі Декларацияға қол қойды.
Мәжіліс сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста Сенат ұсынған «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жекелеген баптарына енгізілген редакцияларды қолдап дауыс берді.
ОПЕК+ келісімі аясында бұрын мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан сегіз мемлекет мамыр айында өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыру жөнінде ортақ ұстанымға келген.