Қазақстан «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді.
ҚазТАГ хабарлайды: «VTB Bank (Қазақстан)» АҚ Еуропалық одақтың Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакеті тізіміне енгізілуі Қазақстан экономикасы үшін ешқандай тәуекел тудырмайды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төраға орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
«Мен бұл жерге Қазақстан билігін немесе өз елімді сынау үшін келген жоқпын. Өйткені біз осы елде өмір сүріп жатырмыз. … Көп жылдан бері біздің еліміз – Қазақстан – айнасы қиғаш, шындықты бұрмалайтын бөлмеде өмір сүріп келеді. Біздің көргеніміз басқа, ал билік мүлде басқа шындықты айтып, соған сендіргісі келеді. Мен сіздерге қазақстандық саясаттың сол бес қисық айнасы туралы әңгімелеп берейін.Бірінші қисық айна – бұл конституциялық құқық мәселесі.
Еуропа жаңа антиресейлік және қосалқы санкциялар енгізіп жатқан кезде, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) БҰҰ алаңында әлем елдерімен сауда диалогын табысты жалғастырып келеді. Әлемдік экономиканың белсенді бөлігі тарихта ешбір соғыс не саяси қақтығыс сауда қатынастарын толық тоқтата алмағанын жақсы түсінеді.
АҚШ-қа баяғыда қоныс аударып, ол жаққа әбден сіңісіп кеткен бұрынғы отандасымыз Тимур Сейтмұратов өзінің парақшасында Америкадағы өмір мен ондағы барлық нәрсенің қандай тамаша жолға қойылғаны туралы үнемі көтеріңкі көңіл-күйдегі жазбалар жариялап тұрады.
ТМҰ біртіндеп бастапқы саяси алаң сипатынан нақты экономикалық мазмұнға ие, практикалық нәтижеге бағытталған құрылымға айналып келеді. Нақты бағыттарға — сауда, инвестиция, көлік, цифрландыру — басымдық берілуі түркі интеграциясының қолданбалы сипатын айқын көрсетеді. Орта дәлізді дамытуға ерекше назар аударылуы да заңды.
рталық Азияға жаңа су көздерін іздеуден гөрі су шаруашылығын жаңғырту қажет. Атап айтқанда, суару жүйелерін жаңарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру маңызды. Сарапшылардың пікірінше, қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың тағы бір жолы — ауыл шаруашылығы моделін өзгерту.
Қазақстан мен Украина сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде басым бағыттардың бірі саналатын агроөнеркәсіп кешені саласында кеңейтуді жоспарлап отыр.