Еуразия24

Материалы

ЕО Ресей активтерін пайдалану тетігін тапты

Еуроодақ Украинаға көмек беру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану бойынша нақты шешімге келген секілді. Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрінің орынбасары Игнаций Немчицкий мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – «репарациялық несие» тетігі, яғни Украина ЕО-дан несие түрінде қаржы алады, ал ол қаражат Ресей Орталық банкінің Еуроодақ аумағында бұғатталған активтерінен алынады.

Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) кемелерден алынатын жаһандық көміртек алымын енгізу мәселесін бір жылға шегерді

Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) теңіз кемелерінен шығатын көмірқышқыл газы (CO₂) үшін төлем енгізуді қарастыратын, MARPOL конвенциясының VI қосымшасына енгізілетін өзгерістерді талқылауды кейінге қалдырды. Ресей Көлік министрлігінің хабарлауынша, IMO-ның Лондондағы штаб-пәтерінде өткен тиісті комитет сессиясы жұма күні мерзімінен бұрын аяқталған.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі АҚШ-тағы елшілікті басқаруға тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа Төтенше және Өкілетті елшісі болып Мажан Ілиясов тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Бельгия мен Венгрия кедергісі: ЕО Ресей активтерін Украинаға бағыттай алмай отыр

Бүгін Люксембургте өтетін Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі мен бейсенбіге жоспарланған Брюссельдегі саммит қарсаңында Politico басылымының Еуропа редакциясы: Еуроодақтың Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалану жөнінде келісімге келуі екіталай деп жазады.

Қытай экономикасының өсу қарқыны баяулады – үшінші тоқсандағы көрсеткіш жылдың ең төменгі деңгейіне жетті

Қытай экономикасы 2025 жылдың үшінші тоқсанында 4,8 пайызға өсіп, соңғы бір жыл ішіндегі ең баяу даму қарқынын көрсетті. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасы хабарлады.

Еще от автора

Қуаңшылық қаупі: Орталық Азия су ресурстары тапшылығына тап болды

рталық Азияға жаңа су көздерін іздеуден гөрі су шаруашылығын жаңғырту қажет. Атап айтқанда, суару жүйелерін жаңарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру маңызды. Сарапшылардың пікірінше, қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың тағы бір жолы — ауыл шаруашылығы моделін өзгерту.

Астана мен Киев агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қазақстан мен Украина сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде басым бағыттардың бірі саналатын агроөнеркәсіп кешені саласында кеңейтуді жоспарлап отыр.

Макрон: Ормуз бұғазын күшпен ашу мүмкін емес

Эмманюэль Макрон Ормуз бұғазын әскери жолмен ашу мүмкін емес деді. Оның айтуынша, мұндай тәсіл ұзаққа созылып, бұғаз арқылы өтетін кемелер үшін қосымша қауіп тудырады.

Lufthansa Air France-KLM-нен кейін TAP акцияларын сатып алуға өтінім берді

Германияның Lufthansa әуе компаниясы португалиялық TAP Air Portugal тасымалдаушысының үлесін сатып алуға алдын ала өтінім берді.