Евразия24ЖаңалықтарҚытай экономикасының өсу қарқыны баяулады – үшінші тоқсандағы көрсеткіш жылдың ең төменгі...

Қытай экономикасының өсу қарқыны баяулады – үшінші тоқсандағы көрсеткіш жылдың ең төменгі деңгейіне жетті

|

|

Бейжің. 20 қазан. ИНТЕРФАКС – Қытай экономикасы 2025 жылдың үшінші тоқсанында 4,8 пайызға өсіп, соңғы бір жыл ішіндегі ең баяу даму қарқынын көрсетті. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасы хабарлады.

Сәуір-маусым аралығындағы кезеңде ішкі жалпы өнім 5,2 пайызға артқан болатын. Сарапшылардың болжамы да экономика өсімінің 4,8 пайызға дейін баяулауын көрсеткен еді (Trading Economics деректері).

2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында Қытай ЖІӨ алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,1 пайызға артты. Бұл көрсеткіш сарапшылар күткен 0,8 пайыздан жоғары болды. Ал екінші тоқсандағы көрсеткіш қайта есептеу нәтижесінде 1 пайыз деңгейінде тіркелді.

Жыл басынан бері ел экономикасы 5,2 пайызға ұлғайып, жалпы көлемі 101,5 триллион юаньға (шамамен $14,24 трлн) жетті.

Сондай-ақ, осы тоғыз ай ішінде Қытай тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа кірісі 5,1 пайызға өсіп, 32 510 юаньды құрады.

Еске салайық, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытай экономикасының жылдық өсімі 5 пайыз болған еді. 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары да дәл осы деңгейде жоспарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.