Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Аралды құтқару халықаралық қоры құрамына қайта қосылатынына үміт білдіріп, бұл елдің қатысуы Орталық Азиядағы су саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, Арал теңізі алабындағы экологиялық қатерлердің өсу қарқыны оларды азайтуға бағытталған шаралардан озып отырғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын басқару саласын цифрландыруды жеделдету және Сырдария мен Әмудария өзендері алаптарында бірыңғай мониторинг жүйесін енгізу қажеттігін мәлімдеді.
АҚШ-тың Rocket Lab компаниясына тиесілі Electron зымыраны АҚШ Қорғаныс министрлігінің Зымыранға қарсы қорғаныс агенттігі мүддесіне арналған гипердыбыстық технологияларды сынау аппаратының суборбиталық ұшуын қамтамасыз етті.
Мәжіліс сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тарап (тараптар) арасындағы бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.
Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.