Евразия24ЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда су саласын цифрландыруды жеделдетуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда су саласын цифрландыруды жеделдетуді ұсынды

|

|

Астана. 22 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын басқару саласын цифрландыруды жеделдету және Сырдария мен Әмудария өзендері алаптарында бірыңғай мониторинг жүйесін енгізу қажеттігін мәлімдеді.

«Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария алабындағы он учаскені автоматтандыру жұмыстарына кірісті. Бұл тәжірибені бүкіл Арал теңізі алабы деңгейінде кеңейтуге болады», – деді Тоқаев Астанада өткен Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Президент су саласын цифрландыруды, соның ішінде Сырдария мен Әмудария алаптарында бірыңғай автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізуді өзекті міндет деп атады. Оның айтуынша, бұл деректердің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Аралды құтқару халықаралық қорын институционалдық тұрғыдан одан әрі дамыту мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті.

«Бұл үдеріс біршама созылып кеткенін айту керек. Алғашқы қадам ретінде мемлекетаралық энергетикалық комиссияны құруды аяқтау ұсынылады. Тәжірибе көрсеткендей, энергетика саласындағы үйлесімді іс-қимыл біздің елдерімізді тұрақты әрі сенімді сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты су және энергетика комиссияларының жұмысын үйлестіру қажет деп санаймыз», – деді Тоқаев.

«Бастапқы кезеңде мемлекетаралық энергетикалық комиссияның қызметін Сырдария алабына қатысты іске қосуға болады. Кейін өзара іс-қимыл тетіктері жолға қойылған соң, бұл форматты Арал теңізі алабының барлығына кеңейту мүмкін болады. Мұндай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәсіл өңір елдерінің мүдделерін теңгерімді түрде ескеруге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.

БАҚ: Судан әскері жасырын түрде химиялық қару қорын құрған

Судан Қарулы күштері химиялық қару жасап шығарған. Бұл туралы The Washington Post (WP) Таяу Шығыстағы қауіпсіздік қызметтерінің аты-жөні аталмаған өкілдері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.