Евразия24ЖаңалықтарҰҚК 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты

ҰҚК 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты

|

|

Астана. 21 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құны 45 млрд теңге болатын 160 мың тоннадан астам мұнай өнімін шетелге заңсыз шығарған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы сәрсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу жөнінде келісімшарттар жасасқан. Кейін мұнай Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделіп, дайын өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген.

Осыдан кейін мұнай өнімдері пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге жөнелтілген.

«2019–2023 жылдар аралығында тек Batys Nefte Trade ЖШС арқылы 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шетелге заңсыз шығарылған. Жүргізілген операциялардың жалпы құны шамамен 45 млрд теңгеге бағаланып отыр», – деп хабарлады ведомство.

ҰҚК мәліметінше, биыл қылмыстық іс аясында жүргізілген процестік шаралардың нәтижесінде іске қатысы бар адамдардың активтері, сондай-ақ шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлкі тәркіленген. Жалпы, заңсыз алынған табыс пен төленбеген салық есебінен мемлекет кірісіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген.

Бұған дейін Ақтау қалалық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі, соның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай өнімдерін сатумен айналысқан компанияның басшылары сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Олар Қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-бөлігі (экономикалық контрабанда) және 262-бабының 2-бөлігі (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылған.

ҰҚК қылмыстық схеманы ұйымдастырған адамға халықаралық іздеу жарияланғанын нақтылады.

21 қазандағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 450,69 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Күннің ерте суытуы Еуроодақтағы жерасты газ қоймаларын толтыруды тежеді

Еуропада ауа райының әдеттегіден ерте суытуына байланысты жылу өндіруге жұмсалатын газ көлемі артты. Соның салдарынан алдағы қысқа дайындық үшін жерасты қоймаларына айдалуға тиіс газдың едәуір бөлігі қазірдің өзінде тұтынылып жатыр. Ауа райының соңғы болжамына сәйкес, осы аптада орташа температура климаттық нормадан 2 градус Цельсийге төмен болады.

Технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарына серпін берді

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Маск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

SpaceX пен Tesla (SPB: TSLA) компанияларын біріктіру көптеген артықшылық әкелуі мүмкін. Бұл туралы екі компанияның да бас атқарушы директоры Илон Маск SpaceX-тің тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда мәлімдеді.

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,