Мәжіліс сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстан сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау қорына халықаралық серіктестерді қосылуға шақырады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Күні кеше Қазақстан кинематографистер лигасының төрағасы Айдар Баталов Мәскеуде өткен ТМД-2026 форумы алаңында парасатты кеңею мақсатында бірқатар бастамаларды көтерді. Алайда бұл ұсыныс Қазақстандағы киноға жақын кейбір қауым өкілдерінің наразылығын тудырды. Олар қоғамдық кинематографиялық ұйым басшысын ұлттық киноның тәуелсіздігіне қауіп төндірді деп айыптады. Ал Айдар Баталов болса, бірыңғай дистрибуциялық кеңістік құру – саясат емес, керісінше, қазақстандық мәдениеттің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік, нарық талабына сай қажетті қадам және жоғары бәсекелестік жағдайында өмір сүрудің бірден-бір жолы екенін атап өтті.
Біздіңше, мұндағы негізгі фактор «кітапты сүю-сүймеуде» емес, әлеуметтік жағдайда жатыр. Егер халықтың жартысына жуығы «оқығанды ұнатамын» деп тұрып, іс жүзінде аз оқыса, бұл — қоғамда кітап оқудың әлі де биік құндылық ретінде дәріптелетінінің белгісі.
Егер Қазақстанда осыған дейін егде жастағы азаматтардың тұрмыс деңгейінің төмендеу тәуекелдерін күшейтетін тәсілдер қарастырылмаған болса, Еңбек министрлігінің бастамасы мұндай салдарға алып келуі мүмкін.
Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.
Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.