«Чанчжэн-6А» («Ұлы жорық-6А») зымыран-тасығышы жаһандық ғаламтор қамту жүйесін құруға арналған SatNet спутниктерінің кезекті 5 аппараттан тұратын тобын орбитаға шығарды, деп хабарлады CCTV телеарнасы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабындағы басты мәселе – оның толық субъективтілігі. «Көрінеу жалған ақпарат» пен адал қателік арасындағы, сандық деректердегі қате мен қоғамға әдейі зиян келтіру арасындағы шекара Қазақстанда тым көмескі болып кеткен.
Жүйенің үш қатысушысы – тапсырыс беруші, рұқсат беруші органдар және бақылаушылар – бір шеңберде жұмыс істегенде, процесс баяуламайды, керісінше жылдамдайды. Шешімдер тез қабылданады, жобалар ұзақ келісімдерсіз іске қосылады, құрылыс тоқтамайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «болашақ – жасанды интеллектте» деген бұдан бұрын айтылған тезисі Еуразиялық даму банкі логикасымен қарағанда, прагматикалық әрі алысқа бағытталған бағдар болып көрінеді. Бәлкім, дәл осы жасанды интеллект сарапшылар айтып отырған маневрлікке жетудің негізгі кілтіне айналмақ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық кешеніне келді. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.