БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жасанды интеллект дәуірі жағдайында барлық елдердің технологиялық тұрғыдан тең дамуын қамтамасыз ету мақсатында көлемі 3 млрд АҚШ долларын құрайтын Дүниежүзілік қор құруды ұсынды.
Эфиопия мен Эритрея солтүстік эфиопиялық Тыграй өңірі маңына әскери бөлімшелерін жіберіп жатыр, аталған аймақта шиеленістің күшеюі байқалуда, деп бейсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларды құрады, Астана экспорт көлемін 150 млн долларға арттыруға дайын екенін республиканың Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.
Қазақстан Ұлттық банкі Үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор қаражатын цифрлық теңгені пайдалануға кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.