Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
Орта мерзімді перспективада мұнай-газ өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі біртіндеп азайып, бұл үдеріс өңдеуші өнеркәсіптің озыңқы дамуы есебінен өтеледі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.