Президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша ол «1 мамырға дейін халықтың табысын арттырудың 2026–2029 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданатынын» және Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны 9-11% деңгейіне дейін төмендету жоспары әзірленетінін жеткізді.
Әлде Нұрлан Жақыповтың алдында балама таңдау жоқ па? Тағы бір назар аударарлық жайт, 2022 жылы қаңтарда құрылымдық бөлімшелер саны 27-ден 18-ге дейін қысқартылғанымен, 2025 жылға қарай олардың саны қайтадан 27-ге жеткен.
S&P Global Ratings шолуында бірқатар негізгі тұжырымдар келтірілген: өңірде кредиттеудің орташа өсімі сақталатыны, банктер активтерінің сапасы жеткілікті деңгейде екені, сондай-ақ, әсіресе бөлшек сегментте несиеге сұраныстың жоғары болып отырғаны атап өтіледі.
МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси дүйсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен өткен техникалық талқылау аяқталғанын мәлімдеді.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан дүйсенбі күні Будапешт пен Вашингтон энергетика саласындағы, соның ішінде атом энергетикасы бағытындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.